АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Атқа мінген әкімнің үзеңгісін тең баспағанын бетіне бассаң бас, бірақ тарихқа, тарихпен тағдырлас халыққа қиянат жасама. Дінмұхаммед Қонаев


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Алматыда «Тіл мерейі» қалалық байқауы өтті
Көрсетілім саны: 395

Алматыда «Тіл мерейі» қалалық байқауы өтті 

28-29 қараша күндері Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы қаласының 2016-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында және Басқарманың 2017 жылға арналған жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Тіл мерейі» қалалық байқауын өткізді.

Байқауға Алматы қаласындағы орыс тілінде жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі пәнінің оқытушылары қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау. Қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылардың қоғамдық мәртебесі мен кәсіпқойлығын, беделін арттыру және оқытушының әдістемелік шеберлігін шыңдау. Ең маңыздысы, ересектерге қазақ тілінен сабақ берудің сапасы мен өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін оқып-үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең бойынша аудан әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі аудан жеңімпаздарының ресми хаттарын қалалық байқауға жолдады. Екінші кезеңде қатысушылар өз жұмыс орындарында 20-25 минуттық сабақ көрсетілімі бойынша сайысқа түсті.

Байқаудың әділқазылар алқасының құрамында Қазақ Мемлекеттік ҚызПУ-нің мемлекеттік тіл кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Ержанова Сәуле Баймырзақызы, Алматы қалалық әдістемелік кабинетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Мадалимова Карима Каримқызы, Алматы қалалық әдістемелік кабинетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Сабырбай Рыскелді болды. Әділқазы алқа мүшелері бағалау парақтарының үлгісін белгілеп, оқытушылардың көрсетілім сабақтарына қатысып, біліктіліктерін бағалады. Ашық дауыс беру арқылы байқаудың жеңімпаздарын анықтады.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І орынға М. Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұхамеджанов Дарын Орынбекұлы ие болды. ІІ орынды №57 ЖББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тәуекелова Гулбану Қонысбайқызы иеленсе, ІІІ орынды №83 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дүйсенбиев Алмас Маратұлы иеленді.

Бірінші, екінші, үшінші жүлделі орын алғандарға тиісті дәрежедегі дипломдар мен бағалы сыйлықтар, қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылды. Байқаудың жеңімпазы Алматы қаласының атынан «Тіл мерейі» республикалық байқауына жолдама алды.

 DSC01807

DSC01822

_DSC2240