АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Елділіктің негізгі белгісі – тілінде. Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз. Тілді ешкімге түрткілетпеуіміз керек. Ғабит Мүсірепов


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Алматыда «Тіл-парасат» қалалық байқауы өтті
Көрсетілім саны: 150

Алматыда «Тіл-парасат» қалалық байқауы өтті

17 қарашада Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы  «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы қаласының 2016-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында және Басқарманың 2017 жылға арналған жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Тіл-парасат» қалалық байқауын өткізді.

Байқауға 17-22 жас аралығындағы қазақ тілін жетік меңгерген әр түрлі этнос жастары қатысты. Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын кеңінен  насихаттау, мемлекеттік тілді меңгерген жастарды анықтау және ынталандыру, мемлекеттік тілге құрметпен қарауды қалыптастыру, тіл мәдениетінің деңгейін және мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатымен ұйымдастырылған.

Байқауға келген қатысушылар, ұсынылған тақырып бойынша 3 минут уақыт ішінде мемлекеттік тілде алынған билет арқылы ауызша тұсаукесер жасау, 3-5 минут уақытта ұсынған тақырып бойынша алынған билет арқылы жұппен диалог құру және  «Шабыт жұлдызы» кезеңі бойынша қазақша халық әндерін шырқап, театрландырылған қойылым көрсету шарттары бойынша өткізілді.

Байқаудың әділқазылар алқасының құрамында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің филология және көптілді білім беру институтының аға оқытушысы, Phd доктор  Иманқұлова Меруерт Амантайқызы, «Senim Group Consalting» ЖШС қазақ тілі оқытушысы Әлменова Салтанат Нұрғалиқызы, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын-жазушы  Ерболат Баят болды. Әділқазы алқа мүшелері қатысушылардың білімін бағалау кезінде олардың тақырыптардың мазмұнын ашу, үш тілде сауатты сөйлеу және мәтіндерді аудару кезінде орфоэпиялық сауаттылығының сапалық деңгейіне баса назар аударды. Ашық дауыс беру арқылы байқаудың жеңімпаздарын анықтады.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І орынға Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің студенті Ким Вера ие болды. ІІ орынды Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенті Ордабекова Лайла иеленсе, ІІІ орынды П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенті Шин Даниил иеленді.

Бірінші, екінші, үшінші жүлделі орын алғандарға тиісті дәрежедегі дипломдар мен бағалы сыйлықтар, қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылды. 

DSC00886

_DSC1628

_DSC1894

_DSC1844