АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Халық тілінің байлығын игеру зор талғам, парасатты тілейтін жұмыс. Ғабит Мүсірепов


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Тараз қаласында «Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте» атты республикалық байқау өтті.
Көрсетілім саны: 70

Тараз қаласында «Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте» атты республикалық байқау өтті.

 

2017 жылдың 27 қазан айында Тараз қаласында республикалық «Мемлекеттік тіл мемлекеттік қызметте» атты байқау өтті. Мемлекеттік қызметте қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мұрындық болды.

Мемлекеттік қызметшілердің қазақ тіліне деген оң көзқарасын қалыптастырып, құжат тілінің мемлекеттік тілге көшуіне, қызметтердің қазақ тілінде көрсетілуіне жағдай жасайтын байқауға ел аумағынан 13 команда қатысты. Олар байқау шартына сай 4 кезең бойынша білімдері мен біліктіліктерін көрсетті.

Аймақтық іріктеуден өткен командаларға қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы Әбдіжәлел Бәкір (төраға), Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Түркітану» ғылыми-зерттеу орталығының бас маманы, филология ғылымдарының докторы, профессор Қасиет Какенұлы, Қазақ ұлттық салт-дәстүрлері академиясының профессоры, композитор Кентау Қуантайұлы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аға оқытушысы Ләззат Пернебекқызы, Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Бижомарт Сейсенбекұлы қазылық етті.

Сайыс қорытындысы бойынша Алматы қаласының «Алатау» құрамасы жеңімпаз атанды. Құрама капитаны Алматы қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Сейтқазы Еркежан Қибадоллақызы. Мүшелері Алатау ауданы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Нақова Жанар Алшынқызы және Алматы қаласы әкімдігінің Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы Жаппасбаев Алмас.

Жүлделі 1-орын Жамбыл облысының «Прагматиктер» командасына бұйырды. Ал 2-орынды ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің «Үш бақытым» командасы еншілесе, 3-орынды «ЭКСПО» (Алматы облысы), «15-ші өңір» (СҚО) командалары өзара бөлісті. Жеңімпаз бен жүлдегер командаларға арнайы диплом мен қомақты қаржылай сыйлық табысталды.

 IMG-20171028-WA0010

20171101_221639

IMG-20171027-WA0025