АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын алып жүре алмайды. Әлихан Бөкейхан


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Көрсетілім саны: 61

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

 

6 қазанда Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Рухани жаңғыру жағдайында жоғары білім жүйесінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференцияның басты мақсаты Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелерін, қазіргі қоғамдағы тілдік ахуалды, мемлекеттік тілде іс жүргізу жағдайын, қазақ тілін оқытудағы инновациялық технологияларды қолдану барысын талқылау және оны шешу жолдарын ұсыну болды.

Ғылыми конференцияға қатысушылар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелері, мемлекеттік тілде іс жүргізу, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшірудің өзекті мәселелері және қазақ тілін оқытудағы инновациялық технологияларды қолдану сынды тақырыптарда баяндамалар тыңдап, осы  саладағы озық іс-тәжірибелер мен қол жеткізген оң нәтижелер бойынша өз ойларын ортаға салды.

Конференцияға танымал тілші, ғалымдар, қазақ тілі пәнінің оқытушылары, жас ғалымдар, докторанттар мен магистранттар, жергілікті атқарушы органдардың тіл бөлімінің қызметкерлері, тілдерді дамыту бөлімінің басшылары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қатысушылар мен кеш қонақтарына конференция баяндамаларының жинағы, сертификаттар үлестірілді.

Қатысушылар қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан шаралармен кеңінен таныстырып, халыққа түсіндіру үшін осындай ғылыми конференциялардың маңызы зор екендігін атап өтті.

_DSC9124

_DSC9106

_DSC9150

_DSC9393

_DSC9403