АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Ахмет Байтұрсынұлы


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҮЙРЕТУ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ
Көрсетілім саны: 257

ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҮЙРЕТУ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

 jarnama2  

Мамай АХЕТОВ,Алматы қалалық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы.

Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында ел экономикасын өркен­детіп қана қоймай, білімді дамыту, руханиятымызды жаңғырту, қауіпсіздік ша­раларын кү­шейту, діни экстремизмнің алдын алу және тағы да басқа өзекті мәселелер  қамтылды.

Мемлекет басшысы өскелең ұрпақты өз бетімен ізденуге үндеп, осы бағытта оқыту бағдар­ламаларын жетілдіруді тапсырды. Сонымен қатар, ІT-білімді, қар­жылық сауаттылықты, ұлтжан­дылықты дамытуға баса көңіл бөлу қажеттігін сөз етті.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жыл­дарға арналған мемлекеттік бағдарла­масын сапа­лы және тиімді орындау мақса­тында Алматы қаласының тиісті кезең­дерге арналған іс-шаралар жоспары бе­кітіліп, жергілікті бюджеттен оған қажетті қаржы бөлініп тұрады. Осы жоспарға сәйкес мемлекеттік тіл саясатын наси­хаттау, тілдерді оқыту және жергілікті мемле­кеттік басқару органдарында қа­зақ тілінде іс жүргізуді қамта­масыз ету бағыт­тарында бірқатар нақты іс-ша­ралар бел­гіленіп, тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді.

Іс-шаралар жоспарының негізгі бағы­ты – мемлекеттік тіл саясатын насихат­тауға арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар, конферен­циялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер және түрлі тақы­рып­тар­да байқау­лар мен оқулар өткізу болып табылады.

Атап айтқанда, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай этномәдени орталық­тардың өнер ұжымдары мен өнерлі өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен «Тіл – татулық тірегі» атты іс-шара, Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Ана тілім – ардағым» атты қалалық фести­валь, «Абай оқулары», славян халықтарының мәдениеті мен әдебиетін кеңінен насихаттауға бағытталған «Пушкин және Шевченко оқулары» жыл сайын өткізіліп келеді.

Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағыл­шын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды», – дей келе, алдағы уақытта ағыл­шын тілін дамытуға баса көңіл бөлу қажеттігін ес­кертті. Осыған орай қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік меңгерген жастар арасында «Тіл шебері», «Тіл – тұнық ойдың кәу­сары», «Ой – сана», «Тіл – парасат» атты қалалық байқаулар ұдайы ұйымдасты­рылып тұрады.

Жастардың  кітап оқу мәде­ниетін дамытуға, әдебиетке құмар, өнерлі жас­тарды қолдауға бағыт­талған «Көркемсөз оқу шебер­лері», «Ана тілім – ән-жырым», қазақ тілін жетік мең­герген мем­лекеттік қызметшілер арасын­да «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты қалалық байқаулар тұрақты түрде өткізілуде.

Баспасөз күніне орай, мерзімді және электронды БАҚ арқылы мемлекеттік тіл саясатын наси­хаттап, тілдерді дамытуға қатысты өзекті мәселелерді қозғап жүрген журналистерге қолдау көрсету үшін «Мемлекеттік тіл саясаты және бұқаралық ақпарат құрал­дары», қазақ тілін оқытушы­лардың озық тәжірибесін көп­шілікке тарату мақсатында «Тіл мерейі» атты қалалық байқаулар ұйымдастырылады. Сонымен бірге белгілі қоғам қайрат­керлері мен көрнекті ғалымдардың қатыс­уы­мен мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелеріне арналған «Мем­лекеттік тіл саясатының өзекті мәселелері» тақыры­бын­дағы ғылыми-тәжірибелік конфе­ренция жыл сайын өткізіліп келеді.

Мемлекет басшысы Н.На­зар­баев адами капитал сапасын жақсартуға баса назар аударып, ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлін өзгертуге тиіс екенді­гімізді атап өтті. Яғни, үш тілді оқуға ке­зең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша Үкіметке тиісті ұсы­ныстар әзірлеуге тапсырма беріл­ді.

Мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін оқыту, оларды мем­лекеттік тілде іс жүргізуге үйрету – қазіргі таңдағы өзекті мәселе. Мемлекеттік органдардың қыз­меткерлерінің қазақ тілінде іс жүргізу мүмкіндіктерін арттыру бағытында және әдістемелік көмек ретінде мемлекеттік тапсырыспен жыл сайын түрлі салалар бойын­ша орысша-қазақша терминоло­гиялық анықтамалық сөздіктердің, орысша-қазақша тілдескіштердің, ресми іс қағаздары үлгілерінің жинақтары шыға­рылып, элект­рон­ды нұсқасымен бірге кітап және диск түрінде таратылды.

Алматы қаласында мемлекеттік қыз­метшілерге қазақ және ағыл­шын тілдерін оқыту курстары ұйымдасты­рылған. Жаңа техно­логиямен жабдықталған оқу каби­неттері жұмыс істейді. Олар­дың барлы­ғында іс жүргізуге қажетті құжаттардың мемлекеттік тілдегі үлгілері, екі тілді элект­рон­ды сөздік, қазақ тілі орфо­гра­фиясы мен орыс тілінен қазақ тіліне аударма жасау бағдар­ламасы және оқыту үрдісінде жиі қолданылатын электронды бағ­дарламалар бар. Барлық оқыту кабинеттеріне интерактивті тақта орнатылған.

Еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің ана тілдерін сақтау мен дамыту мақсатында жексенбілік мектептер жүйесі құрылған. Жергілікті бюджет есебінен этномәдени бірлестіктерде қазақ тілімен қатар неміс, поляк, әзірбайжан, шешен, осетин, кәріс, түрікмен және т.б. тілдер оқытылады.

Алматы қаласы бойынша 2016 жылы мемлекеттік мекемелерде  жұмыс істейтін 5345 қызметкер ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диаг­нос­тикалық тестілеуден өткізіліп, қазақ тілін меңгеру деңгейлері анықталды: А1 (қарапайым деңгей) – 664, А2 (базалық деңгей) – 2579, В1 (орта деңгей) -1433, В2 (ортадан жоғары деңгей) – 605, С1 (жоғары деңгей) – 7 қызметкер.

Алматы қаласындағы тілдік ахуалды әлеуметтік зерттеу және мониторинг  жүргізудің нәтиже­лері бойынша сұралған респон­дент­тердің– 78% әртүрлі деңгейде қазақ тілін меңгергендігі, 92% орыс тілін және 16% ағылшын тілін әр түрлі деңгейде меңгергендіктері анықталды.

Алматы қаласы Тілдерді да­мыту басқармасының жұмысының тағы бір бағыты – Қазақстан  Рес­публикасы тіл ту­ралы заңнамасы­ның сақталуын тексеру шарала­рын жүзеге асыру. Бақы­лау және қадағалау саласындағы заңнамаға өзгерту­лер енгізілуіне байланысты  Басқарма­ның  2016 жылға  ар­налған Қазақстан Респуб­ликасы тіл туралы заңнамасының сақ­талуына тексеру шараларының жоспары бекітілген жоқ. Басқар­маға жеке азаматтар мен меке­мелерден, мемлекеттік және құқық қорғау органдарынан келіп түскен хаттар мен арыздарға байланысты тек­серу немесе тү­сіндіру жұмыстары ұдайы жүзеге асырылып отырады.

2016 жылы Алматы қаласы әкімінің атына, Алматы қаласы прокуратурасына, Тілдерді да­мыту басқармасына және т.б түскен арыз-шағымдарға байла­нысты бірқатар тексеру шаралары жүргізілді.

Алматы қаласының көшеле­ріндегі деректемелер мен көрнекі ақпараттарда Қазақстан Респуб­ликасының тіл туралы заңнама талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Деректемелер мен көрнекі ақпараттарды орналас­тыруға рұқсат алу кезінде жарнама мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тіл­деріндегі нұсқасына міндетті түрде Басқар­маның келісімін алу тәртібі белгіленген.

Бұдан тыс Басқарма тарапынан Ал­маты қаласының көшелеріне деректе­ме­лер мен көрнекі ақпа­раттарға арнайы рейдтер тұрақты ұйымдастырылып тұра­ды. Рейд барысында Қазақстан Республи­касының «Қазақстан Республика­сындағы тіл тура­лы» Заңның 21-бабына сәйкес рәсімдел­меген 202 заңбұзушылық табыл­ды. Қа­зақстан Республикасының тіл тура­лы заңнама талаптарын сақтамаған меке­ме­лердің қызмет­керлеріне түсіндіру жұмыс­тары жүргізілді.

Басқарма тарапынан көрнекі ақпарат­тардағы мәтіндер сапалы болу үшін шағын және орта бизнес өкілдері мен жарнама агенттіктеріне тегін консуль­тациялық көмек көрсетіледі.

«Алматы ақшамы» газеті.

25.04.2017

http://almaty-akshamy.kz/2017/04/25/%D1%96%D1%81-%D0%B6%D2%AF%D1%80%D0%B3%D1%96%D0%B7%D1%83%D0%B3%D0%B5-%D2%AF%D0%B9%D1%80%D0%B5%D1%82%D1%83-%D3%A9%D0%B7%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%96-%D0%BC%D3%99%D1%81%D0%B5%D0%BB%D0%B5/