АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Атқа мінген әкімнің үзеңгісін тең баспағанын бетіне бассаң бас, бірақ тарихқа, тарихпен тағдырлас халыққа қиянат жасама. Дінмұхаммед Қонаев


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

«Жарнамадағы тіл мәдениеті» атты дөңгелек үстел өтеді
Көрсетілім саны: 1457

«Жарнамадағы тіл мәдениеті» атты дөңгелек үстел өтеді

Алматы қаласының әкімдігі мен А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен «Жарнамадағы тіл мәдениеті» атты тақырыпта дөңгелек үстел 2015 жылғы 15 сәуірде сағат 10-00 Алматы қаласы әкімдігінің № 1 мәжіліс залында (6-қабат) өтеді.

Алматы қаласы бойынша сыртқы жарнама және көрнекі ақпарат нысандарын орналастыруға рұқсат алу кезінде жарнама мәтіндерінің қазақ тіліндегі нұсқасына Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжатттама басқармасының келісімін алу тәртібі белгіленген. Ал, 2014 жылы жалпы саны 6146 жарнама эскиздерінің мәтіні тексеріліп, тиісті өзгертулер енгізілді. Бұдан тыс Алматы қаласының жекелеген көшелеріне бірнеше рет арнайы рейд ұйымдастырылды. Оған аудан әкімі аппараттарының, «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыстырылды. Рейд барысында заңнама талаптары сақталмаған 978 нысан анықталып, олардың иелеріне жазбаша түрде ескерту берілді және жол берілген қателіктерді бір ай мерзімінде түзету тапсырылды.

2015 жылдың 1-тоқсанында жалпы саны 710 жарнама эскиздерінің мәтіні тексеріліп, тиісті өзгертулер енгізілді.

Алматы қаласының жекелеген көшелеріне арнайы рейдтер тұрақты ұйымдастырылған.  Рейд барысында заңнама талаптары сақталмаған 87 нысан анықталды. Тиісті мекемелерге ескертулер беріліп, жазбаша хат жолданды және жол берілген қателіктерді түзету тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша 81-бабының 2, 3 тармақтарына сәйкес әкімшілік жаза қолданғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет - лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – 10, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – 20, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Аталған мәселе ұдайы жіті бақылауға алынып, қадағаланатын болады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жоспарлы түрде тұрақты жүргізіліп отырады.

 

Байланыс телефоны: 263-15-25