АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ


Отанды, ұлтты, әдебиетті, оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі жоқ. Тынымсыз, жанашыр, табанды әрекет керек. Шерхан Мұртаза


Мемлекеттік тілде іс жүргізу   •    Мемлекеттік қызмет   •    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   •    Тіл саясаты   •    БАҚ біз туралы
Жаңалықтар   •    Байқау ережелері   •    Ономастика   •    Әдістемелік көмек   •    Кітапхана   •    Басшы   •   

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының Әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі және Экономика және бюджет жөніндегі тұрақты депутаттық комиссияларының біріккен мәжілісінің № 34 хаттамасынан көшірме
Көрсетілім саны: 1853

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының

Әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі  және

Экономика және бюджет жөніндегі тұрақты депутаттық комиссияларының біріккен мәжілісінің

№ 34  хаттамасынан көшірме

 

Алматы қаласы                                                         2014 жылғы 5 қыркүйек

 

Біріккен тұрақты депутаттық комиссиялар мәжілісін V сайланған Алматы қаласы маслихатының Әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Мулюкова Найля Ахатовна ашып, жүргізіп отырды.

Қатысқандар:

Депутаттардан: Мулюкова Н.А., Қалақов С.М., Өкшебаев М.Т.,Шин Б.С., Петрухин Д. И., Абдуллаев С.К., Сапаров А.Е., Моргунов А.В., Бөлекбаев В.Е., Сәдібеков Ғ.Қ.

Шақырылғандардан: Ұзақова Б.Т.(Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары), Қашқымбаев К.К. (Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі), Қабдолов С. С. (Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы), Балова А.Р. (Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалдық-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы), Садырбаев Г.С. (Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы), Көлбаев Қ.Р. (Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы), Отыншиев М.Б. (Алматы қаласы Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары), Әбдірахманов Т.А. (Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы), Қасымжанова Ж.К. (Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы), Әбдіраманов А.А. (Алматы қаласы Жер қатынастар басқармасы басшысының м.а.), Отарбаев М.Ж. (Алматы қаласы Құрылыс басқармасының басшысы), Кунев М.А. (Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы), Рахимбетов А.Е. (Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы).

Күн тәртібі:

  1. «Алматы қаласының атауы қайталанатын және атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы»

Баяндамашы: Ахетов Мамай Қаниұлы – Алматы қаласы Тілдерді

дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының

басшысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы     «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидалары туралы» № 138 қаулысына сәйкес Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Алматы қаласындағы көшелерге атау беру және көшелердің атауын өзгерту мәселесі бойынша қажетті құжаттарды мәслихат қарауына ұсынды.

Тыңдалды: Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Ахетов М.Қ.:

Алматы қаласындағы атаулары қайталанатын Зоя Космодемьянская, 1-Зоя Космодемьянская, 2-Зоя Космодемьянская, М. Әуезов, Ж. Жабаев және Абай көшелеріне, сондай-ақ, Мұстафин көшесі мен әл-Фараби даңғылының қиылысынан оңтүстікке бағытталған көшеге атаулар беру ұсынылады.

Зоя Космодемьянская, 1-Зоя Космодемьянская, 2-Зоя Космодемьянская  көшелеріне Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы С. Нұрмағамбетовтің (1924-2013)  есімін беру жөнінде ұсыныс жасалады.

С. Нұрмағамбетов Ақмола облысының Еңбек ауылында дүниеге келген. Тұңғыш армия генералы. ҚР тұңғыш Қорғаныс министрі. Ұсыныс Генералдар кеңесінен және Ардагерлер кеңесінен түскен. Көше Медеу ауданындағы «Көктөбе» шағын ауданында орналасқан, ұзындығы 2500 метр.

         М. Әуезов көшесі бойынша Социалистік Еңбек Ері Б. Әшімовтің(1917-2010)  есімімен қайта атау ұсынылады.

Б. ӘшімовАқмола облысының Көкшетау уезінде дүниеге келген. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумінің төрағасы. 4 мәрте «Ленин», 2 мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Қызыл Жұлдыз», 2 мәрте 1-дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен марапатталған. Ұсынысты бір  топ зиялы қауым өкілдері жасаған. Көше Наурызбай ауданы аумағында орналасқан. Ұзындығы 5700 метр.

Ғ. Мұстафин көшесі мен әл-Фараби даңғылының қиылысынан оңтүстік бағытқа қарай жатқан көшеге Т. Садықовтың есімін беру ұсынылады.

Тоқмұхамед Садықов - ҚР ҰҒА академигі (1938-2009) Ресей, Алтай өлкесі, Парфенов ауданында дүниеге келген. Тарих ғылымдарының докторы, профессор. Абай атындағы Қазақ ҰПУ ректоры. «Парасат» орденімен және көптеген медальдармен марапатталған. Ұсыныс Абай атындағы Қазақ ҰПУ-нен түскен. Көше Бостандық ауданында орналасқан, көшенің ұзындығы 1300 метр.

         Ж. Жабаев көшесі бойынша Р. Бағланованың есімімен қайта атау ұсынылады.

Роза Бағланова - КСРО және ҚазКСР халық әртісі, Халық қаҺарманы. (1922-2011) Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келген. Ташкент филармониясының «Өнер» ән-би ансамблінде әнші болған. Сол ансамбльмен 2-дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында және 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі Жеңіс концертінде өнер көрсеткен. 1947-1949 жылдары Қазақ опера және балет театрының, 1949-1960 жылдары Қазақ филармониясының, 1960 жылдан «Қазақконцерттің» әншісі болды. Ұлттық ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосты, әншілік мектептің қалыптасуына ықпал етті. Ұсыныс бір топ мәдениет қайраткерлерінен түсті. Көше Медеу ауданындағы «Көктөбе» шағын ауданында орналасқан, көшенің жалпы ұзындығы 1500 метр.

         Абай көшесі бойынша Ә. Мәмбетовтің есімімен қайта атау ұсынылады.

Мәмбетов Әзірбайжан Мәдиұлы - 01.09.1932 - 18.11.2009 жж. Режиссер, педагог, қоғам қайраткері, Қазақстанның (1970), Қарақалпақстанның (1972) және КСРО (1976) Халық әртісі, Қазақстанның Халық Қаһарманы (2000). 1957 — 1995 жылдары М. Әуезов атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында режиссер, директор, «Мосфильм» киностудиясында стажер-режиссер, «Қазақфильм» студиясының көркемдік жетекшісі, бас режиссері қызметтерін атқарған. Ұсыныс Е. Серкебаев, Б. Төлегенова және бір топ әртістер мен әншілерден келіп түсті. Көше Алатау ауданының «Көкқайнар» шағын ауданында орналасқан, көшенің ұзындығы 3300 метр.

Шешті:

  1. Атаулары қайталанатын З. Космодемьянская көшесін С. Нұрмағамбетов, М. Әуезов көшесін Б. Әшімов, Ж. Жабаев көшесін Р. Бағланова, Абай көшесін Ә. Мәмбетов есімімен қайта атау, сонымен қатар Ғ. Мұстафин көшесі мен әл-Фараби даңғылының қиылысынан оңтүстік бағытқа қарай жатқан атауы жоқ көшеге Т. Садықовтың есімін беру жөніндегі ұсыныстары келісілсін.
  2. Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы (М. Қ. Ахетов) «Әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының тәртібіне сәйкесV сайланған Алматы қаласы маслихатының Әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының хаттамасын жеті жұмыс күн ішінде интернет-ресурстарға орналастырсын және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін, сонымен қатар ономастикалық комиссияның қарауына енгізсін.

Дауыс берді: бірауыздан.

Әлеуметтік мәселелер және қоғамдық

келісім жөніндегі тұрақты депутаттық

комиссияның мүшесі                                                   Н. Мулюкова

 

Хатшысы                                                                            Г. Әшірбаева    

 


 

Выписка из протокола №34

совместного заседания постоянных депутатских комиссийпо социальным вопросам и общественному согласию и по экономике и бюджету маслихата города Алматы V-го созыва

 

 

город Алматы                                                                                  «5» сентября 2014 года

 

Совместное заседание постоянных депутатских комиссий открыла и вела член постоянной депутатской комиссии по социальным вопросам и общественному согласию маслихата города Алматы V-го созыва Мулюкова Найля Ахатовна.

Присутствуют:

Из депутатов: Мулюкова Н.А., Калаков С.М., Укшебаев М.Т., Шин Б.С., Петрухин Д.И., Абдуллаев С.К., Сапаров А.Е., Моргунов А.В., Булекбаев В.Е., Садибеков Г.К.

Из приглашенных: Узакова Б.Т. (заместитель руководителя аппарата акима города Алматы), Кашкинбаев К.К. (аким Наурызбайского района города Алматы), Кабдолов С.С. (руководитель управления экономики и бюджетного планирования города Алматы), Балова А.Р. (руководитель Управления предпринимательства, индустриально-инновационного развития и сельского хозяйства города Алматы), Садырбаев Г.С.(руководитель управления архитектуры и градостроительства города Алматы), Кульбаев К.Р. (руководитель Управления культуры города Алматы), Отыншиев М.Б. (заместитель руководителя управления занятости и социальных программ города Алматы), Абдрахманов Т.А. (руководитель управления пассажирского транспорта города Алматы), Касымжанова Ж.К.(руководитель управления здравоохранения города Алматы), Абдраманов А.А. (и.о. руководителя управления земельных отношений города Алматы), Отарбаев М.Ж.(руководитель управления строительства города Алматы), Кунев М.А. (руководитель управления энергетики и коммунального хозяйства города Алматы), Рахимбетов А.Е. (руководитель управления природных ресурсов и регулирования природопользования города Алматы)

 

Повестка дня:

 

  1. «О присвоении наименований и переименованию повторяющихся наименований улиц города Алматы»

Докладчик:             Ахетов Мамай Каниевич –

руководитель управления поразвитиюязыков,

архивов идокументации городаАлматы

 

В соответствии с Правилами учёта мнения населения соответствующей территории при наименовании, переименовании административно-территориальных единиц, составных частей населённых пунктов, а также уточнении и изменении транскрипции их наименований, утверждёнными постановлением Правительства от 24.02.2014г. №138 для учёта мнения населения, Управлением по развитию языков, архивов и документации внесены на рассмотрение маслихата необходимые материалы по присвоению наименований и переименованию улиц города Алматы.

 СЛУШАЛИ: руководителя управления по развитию языков, архивов и документации Ахетова М.К.:

Предлагается переименовать 5 улиц города Алматы, это улицы Зоя Космодемьянская, 1-ая З. Космодемьянская, 2-ая З. Космодемьянская улица, М. Ауэзова которая повторяется в городе, присвоить наименование улице, идущей в южном направлении от пересечения улицы Мустафина и проспекта Аль Фараби, а также Ж. Жабаева и Абая, которые также имеют повторы.

По улице З. Космодемьянской, предлагается переименовать на улицу С. Нурмагамабетова – Героя Советского Союза, Халық қаһарманы. (1924-2013) родился в ауыле Енбек Акмолинской области. Первый генерал армии. Первый Министр обороны РК. Поступило предложение от совета генералов и совета ветеранов. Улица расположена в Медеуском районе, в микрорайоне «Коктобе», протяженность улицы составляет 2500 метров.

По улице М. Ауэзова предлагается переименовать на улицу Б. Ашимова - Герой Социалистического Труда(1917-2010). Родился в уезде Кокшетау Акмолинской области. Видный государственный и общественный деятель. Председатель Совета Министров Казахской ССР, Председатель Президиума Верховного Совета Казахской ССР. 4-жды был награждён орденами имени «Ленина», 2-жды «Трудового Красного Знамени», «Красной Звезды», 2-жды орденом 1-степени «Отечественная война». Поступило предложение от группы представителей интеллигенции. Улица находится в Наурызбайском районе. Протяженность улицы составляет 5700 метров. 

По улице, идущей в южном направлении от пересечения улицы Мустафина и проспекта Аль Фараби, предлагается присвоить наименование Т. Садыкова - Академика НАН РК (1938-2009) Родился в Парфеновском районе Алтайского края России, Доктор исторических наук, профессор, ректор Казахского НПУ имени Абая. Награжден орденом «Парасат» и многочисленными орденами и медалями. Поступило предложение от КазНПУ имени Абая. Улица находится в Бостандыкском районе, протяженность улицы составляет 1300 метров.

По улице Ж. Жабаева предлагается переименовать на улицу Р. Баглановой - Народная артистка СССР и КазССР, Халық қаҺарманы. (1922-2011) Родилась в городе Казалинск Кызылординской области. Была певицей в ансамбле песни и танца «Өнер» Ташкентской филармонии. Вместе с этим ансамблем выступала на полевых фронтах в годы 2-мировой войны и в 1945 году 9 мая выступала в Берлине на Концерте Победы. 1947-1949 годы была певицей Казахского театра оперы и балета, в 1949-1960 годы в Казахской филармонии, с 1960 года певица в «Қазақконцерте». Внесла вклад в развитие певческого искусства. Способствовала формированию школы пения. Поступило предложение от группы деятелей культуры. Улица находится в Медеускому районе, в микрорайоне «Коктобе», протяженность улицы составляет 1500 метров.

По улице Абая предлагается переименовать на улицу А. Мамбетова - 01.09.1932 - 18.11.2009 гг. Режиссер, педагог, А. Мамбетов общественный деятель Казахстана (1970), Народный артист Каракалпакстана (1972) и СССР (1976), Халық Қаһарманы (2000). 1957 — 1995 годы был режиссером, директором в Казахском государственном академическом драматическом театре, стажер-режиссером в киностудии «Мосфильм», художестенным руководителем студии «Казахфильм», исполнял должность главного режиссера. Поступило предложение от  Е. Серкебаева, Б. Тулегеновой и группы известных деятелей культуры. Улица находится в Алатауском районе, в микрорайоне «Коккайнар», протяженность улицы составляет 3300 метров.

 

РЕШИЛИ:

  1. Согласиться с предложением о переименовании улиц с З. Космодемьянской в улицу С. Нурмагамбетова, повторяющихся названий улиц М. Ауэзова в улицу Б. Ашимова, Ж. Жабаева в улицу Р. Баглановой, Абая в улицу А. Мамбетова, а также присвоить название улице, идущей в южном направлении от пересечения улицы Мустафина и проспекта Аль Фараби – Т. Садыкова;
  2. Управлению по развитию языков, архивов и документации города Алматы (Ахетов М.К.) в порядке, установленном Законом РК «Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан» в течение семи рабочих дней разместить протокол постоянной депутатской комиссии по социальным вопросам и общественному согласию маслихата города Алматы на интернет-ресурсе и обеспечить публикацию в средствах массовой информации, а также внести на рассмотрение ономастической комиссии.

 

Голосовали: единогласно.

 

Член постоянной депутатской комиссии

по социальным вопросам и  

общественному согласию                                                                             Н. Мулюкова

 

Секретарь                                                                                                            Г. Аширбаева